Тоқаев: Үкімет су қоймасы апатынан зардап шеккендерге мыңнан астам үй салады

0
856

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан ауылдардың тұрғындарын қолдау шаралары туралы хабарлады.


Тоқаев: Үкімет су қоймасы апатынан зардап шеккендерге мыңнан астам үй салады

Су тасқыны салдарынан баспанасынан айрылған Түркістан облысының тұрғындары үшін мыңнан астам үй салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі», - деп жазды Мемлекет басшысы.