Тоқаев Жапониямен виза рәсімдерін жеңілдету туралы айтты

0
72

Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады.


Тоқаев Жапониямен виза рәсімдерін жеңілдету туралы айтты

Ақорда

ERNUR.KZ. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» саммиті отырысында айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады.

" Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін", – деді Тоқаев.

Тоқаев сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс екенін айтты.

" Бұл жапон туристерінің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады. Жапонияны Осака қаласында ЭКСПО 2025 көрмесін табысты өткізуімен тағы да құттықтаймын. «Көрме тақырыбын жан-жақты көрсету» номинациясы бойынша алтын жүлде иеленгендеріңізге қуаныштымыз ", – деді ол.