Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды

0
946

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.


Тоқаевқа қай өңірдің тұрғындары ең көп дауыс бергені белгілі болды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген адамдардың санын өңірлерге бөліп көрсетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

ОСК мәліметінше, Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының тұрғындары берген. Қазіргі мемлекет басшысы мұнда 949 042 сайлаушының сеніміне ие болып, 75,89 % дауыс алған. Ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары беріпті. Оның кандидатурасын өңірдегі 147 495 сайлаушы (55,52 %) таңдаған.

Сонымен, Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірлерде қанша адам дауыс берді:

  • Ақмола облысы – 314 859 дауыс 73,16%;
  • Ақтөбе облысы – 340 979 дауыс немесе 70,62 %;
  • Алматы облысы – 949 042 дауыс немесе 75,89 %;
  • Атырау облысы – 199 718 дауыс немесе 69,24 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 580 457 дауыс немесе 70,89 %;
  • Жамбыл облысы – 401 133 дауыс немесе 69,73%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 213 603 дауыс немесе 73,69 %;
  • Қарағанды облысы – 501 947 дауыс немесе 70,12 %;
  • Қостанай облысы – 357 633 дауыс немесе 73,17 %;
  • Қызылорда облысы – 299 192 дауыс немесе 75,35%;
  • Маңғыстау облысы – 147 495 дауыс немесе 55,52 %;
  • Павлодар облысы – 327 277 дауыс немесе 73,39 %;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 232 284 дауыс немесе 72,75 %;
  • Түркістан облысы – 720 855 дауыс немесе 72,21 %;
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 268 019 дауыс немесе 59,19 %;
  • Алматы қаласы – 392 167дауыс немесе 66,73 %;
  • Шымкент қаласы – 257 394 дауыс немесе 67,11 %.