Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

0
735

Президенттің Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды.


Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары Көк үйдегі ресми рәсімнен басталды.

Қазақстан Президентін Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин салтанатты түрде қарсы алып, құрмет көрсетті.




Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін, мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылын бойлай өтіп, екі елдің туына тағзым етті және ресми делегациялардың құрамымен таныстырды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.





Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына барғаны хабарланған болатын.