Тоқаевтың сыныптасы бұрын беймәлім болған деректерді жариялады

0
1 290

Жас Тоқаевтың ширақтығы мен ғажап реакциясы оған үстел теннисінен жетістіктер әкелді, деп еске түсірді сыныптасы.


Тоқаевтың сыныптасы бұрын беймәлім болған деректерді жариялады

ERNUR.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыныптасы Андрей Антоненко мемлекет басшысының бұрын белгісіз болып келген спорттағы жетістіктері туралы әңгімелеп берді, деп жазады sputniknews.kz.

Тоқаев мектепте жүргенде үстел теннисінен КСРО спорт шеберіне кандидат болған.

"Ол табиғатынан спортқа құмар, сұңғақ бойлы, жинақы, шапшаң болды. Алдымен командалық ойын түрлері – волейбол, баскетболға әуестенді. Содан кейін үстел теннисімен белсенді түрде айналысты", - деді Андрей Антоненко "Комсомольской правде - Казахстан" сайтына берген сұхбатында.

Жас Тоқаевтың ширақтығы мен ғажап реакциясы оған үстел теннисінен жетістіктер әкелді, деп еске түсірді сыныптасы.

"Керемет табысқа жетті, мектеп чемпионы атанып, қалалық жарыстарды жеңіп алды. Кейінірек тіпті "КСРО спорт шеберіне кандидат" атағын алды. Ол әлі күнге дейін жастық шағында құмартып ойнаған ойынын тастаған жоқ ", - дейді Антоненко.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі жылға жуық – 2016 жылдың желтоқсанынан 2018 жылдың маусымына дейін Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. Бұл уақытта Қазақстанда Халықаралық үстел теннисі федерациясының басты турнирлерінің бірі ITTF World Tour Grand Finals өткізілді.