Толық адамдарды жек көремін – Меруерт Түсіпбаева (ВИДЕО)

0
162

Әнші жауапкершілігі жоқ адамдарды өлікке теңеді.


Толық адамдарды жек көремін – Меруерт Түсіпбаева (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Қазақ эстрадасының әншісі Меруерт Түсіпбаева «Иірім» бағдарламасында журналист Гүлмира Әбіқайға берген сұхбатында қандай адамдарды жек көретінін ашық айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.


«Жағымпаздарды жек көремін, құбылмалы адамдарды жек көремін. Қазір айтсам, маған кейбірінің жыны ұстайтын шығар, мен негізі толық адамдарды жек көремін. Кешірім сұраймын сіздерден... Бәлкім денсаулықтары жоқ шығар. Кешіріңіздер, бірақ қалай болғанда да, ол әйел болсын, еркек болсын өзінің салмағына кішкене қарау керек деп ойлаймын. Түсінемін, 50-ден асқаннан кейін барлық әйелде физиологиялық өзгерістер болады. Өзімнен өзгерістер байқап жатырмын. Салмақ құбылып тұрады... Содан кейін мен жауапкершілігі жоқ адамдарды жек көремін. Мен үшін жауапкершілігі жоқ адам өлікпен тең. Мен оны тірі адам деп есептемеймін. Егер мені бір рет жолда қалдырса, болды, ол адамды сыйламаймын... Тағы да мені ер азаматтар кешірсінші, мен өмірде орнын таппаған ер адамдарды жек көремін. Өмірде орнын таппаған ер азамат мен үшін екінші орында тұрады. Ол құрылысшы болса да, сантехник болса да, өз орнын тауып, Абай атамыз айтқандай есектің артын жуса да мал табуы керек. Малтабар еркектерді жақсы көрем, сондай адамдарды сыйлаймын... Диванда жатып алып, ақша таппай, әйелдерді сынайтын еркектерді жек көремін, сонымен қатар, зорлықшыларды, агрессорларды жек көремін», - деді әнші.

Айта кетсек, 53 жастағы Меруерт Түсіпбаева қазақ әншілерінің ішінде алғашқы болып бейнебаян түсірген.