Топырақ астында қалған жасөспірімнің әкесі мәлімдеме жасады

0
591

​Қостанай облысында топырақ астында қалған жасөспірім - колледж студенті көп балалы отбасының тұңғышы.


Топырақ астында қалған жасөспірімнің  әкесі мәлімдеме жасады

Қайтыс болған жасөспірімнің ауылда ауыз су тартып жатқан мердігер кәсіпорынға жұмысқа тұрғанына көп болмаған. Ауыл адамдарының айтуынша оны шұңқырға экскаватор абайсызда қағып құлатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғы жамылған әке "мердігер өкілдері баламды өзі құлағандай етіп көрсетуге тырысты" дейді.

"Ковщикпен бұрылып сеуіп жатқан бетте баланы қағып жіберген бастан. Ол анық көрініп тұр қаққаны. Бірақ енді құлап қалды, қазып алдық деп айтып жатыр. Бұл дұрыс емес негізі. Ешкім қоршамаған. Балалар жүгіріп қарғып жүр мысалы. Сол үлкен бастықтары қайда қарап жүр. Прораб, жоқ оның басында" - дейді марқұмның әкесі, Сапарбек Төлепбергенов.

Қайғылы жағдайдан кейін ғана мердігерлер қазылған орларды ала жіппен қоршап, құдықтарды жауыпты. Кемшілігін кеш түсінген кәсіпкер, енді қылмыстық кодекстің 156 бабының 3 бөліміне сәйкес жауапқа тартылмақ. Егер кінәсі дәлелденсе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

"Кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Су құбырын жүргізіп жатқан мердігердің өзі, жеке кәсіпкердің өзі сол еңбекті қорғау қағидаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылады"- дейді Қостанай аудандық полиция бөлімінің басшысы, Мұхтар Жайлаубеков.