Төрт адам шығарылды: Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

0
914

Ұлттық құрылтайдың кезекті IV отырысы наурыз айында Ақмола облысында Бурабайда өтеді.


Төрт адам шығарылды: Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

фото:Официальный сайт Президента Казахстана

ERNUR.KZ. Ақорда ұлттық құрылтайдың құрамында ротация жасалғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Құрылтайдың құрамына жаңадан қосылған қоғам өкілдері:
Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ төрайымы;
Аманжол Әлтай, мәжіліс депутаты, "Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағы" ҚБ төрағасының бірінші орынбасары;
Сергей Пономарев, мәжіліс депутаты;
Расул Рысмамбетов, қаржыгер, NAC Analytica төрағасы;
Дания Қыдырбаева, Жетісу облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Ал Т. Керімқұлов, А. Ерниязова, Н. Қоянбаев пен С. Досжанова ротация аясында ұлттық құрылтай құрамынан шығып кетті.
Айта кетері, Ұлттық құрылтайдың кезекті IV отырысы наурыз айында Ақмола облысында Бурабайда өтеді. Әзірше, нақты күні әлі белгісіз.