Цементсіз кірпіш қалаған компанияға айыппұл салынды

0
517

​"АгроПромРемСтрой" ЖШС-інің қожайыны 400 айлық есептік көресткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды.


Цементсіз кірпіш қалаған компанияға айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Цементсіз кірпіш қалатқан мердігер компания басшысына қатысты жаза түрі белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

"АгроПромРемСтрой" ЖШС-інің қожайыны 400 айлық есептік көресткіш көлемінде айыппұл төлейтін болды. Ал, техникалық қадағалауға жауапты ұйым аттестатынан айырылды. Бақылаушы компания енді жарты жыл бойы өзге де нысандарға қадағалау жүргізе алмайды.

Еске салайық, шамамен бір ай бұрын желіде Алмас Қайранбеков есімді азаматтың сапасыз салынып жатқан құрылысқа қатысты шағымы тараған болатын.