Цой Қазақстанда ревакцинацияның қашан басталатынын айтты

0
466

Сонымен қатар ол иммундау комиссиясының қазіргі таңда қандай вакцинаның қажеттігін және доза мөлшерін қарастыру үстінде екенін айтты.


Цой Қазақстанда ревакцинацияның қашан басталатынын айтты

ERNUR.KZ. Елімізде коронавиурсқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп жазады baq.kz.

"Қазір зерттелу үстінде. Қазақстан еуропа аумағында ревакцинациямен айналысатын ауқымды жұмыс тобының құрамына кірді. Іс барысында ревакцинацияны сақтықпен жүргізу туралы алдын-ал қортындымыз бар. Ең алдымен халықтың әлсіз топтарын вакциналайтын боламыз. Сонымен қатар бірінші кезекте тұрған жұмысшылар мен вакциналанбаған екпе алатын болады", - деді ол.

Сонымен қатар ол иммундау комиссиясының қазіргі таңда қандай вакцинаның қажеттігін және доза мөлшерін қарастыру үстінде екенін айтты.

"Жуық арада комиссия шешімімен, аталған бағдарламаны мақұлдау мақсатында параметрлері мен ұсыныстары таныстырылады. Өйткені біз әлемдік ахуалды жіті бақылап отырмыз. Әр елде әртүрді тәсіл қолдануда. Бірақ бәріндегі ортақ динамика бар. 6-9 айдың ішінде ревакцинация жұмыстары көпшілік елдерде басталуы мүмкін. Оларға алдыңғы жылы қараша-желтоқсан айында вакцина жұмыстарын бастаған мемлекеттер жатқызамыз. Аталған елдердің тұрғындары вакцинаның екінші дозасын алғандарына 9 айдан асып бара жатыр. Біз олардан тәжірибесіне қарай ревакцинацияны іске асырумыз керек", - дейді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, елімізде ревакцинация жұмыстары қараша-желтоқсан айында басталуы мүмкін.