Денсаулық министрі қазақстандықтардың екпеден бас тарту себептерін атады.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарту жағдайлары туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Ол 2020 жылдың қорытындысы бойынша вакцинациямен қамтудың оңтайлы шамасына қол жеткізілмегенін айтып өтті.
"Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцина салдырудан 24 976 адам бас тартты, олардың 58 пайызы - жеке сенімдері бойынша, 23,2 пайызы - діни сенімдері бойынша, 12,8 пайызы - вакциналарға сенімсіздік салдарынан болса 6 пайызы БАҚ-тағы теріс ақпаратқа сенгендер", - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Ол 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелгенін айтты.
"Біз вакцинаға қарсы адамдарға тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, осындай жұмыстардың нәтижесінде өз пікірін өзгерткен 197 вакцина салдырды", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар, Цой Қазақстанның COVID-19 төрт толқынынан өткенін хабарлады. Аурудың соңғы өсу кезеңінде тәулігіне 7 800-ге дейін жағдай тіркелді.