Түркістан облысында жаңа аудан құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

0
2 675

Жаңадан құрылған Сауран ауданының әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасады.


Түркістан облысында жаңа аудан құрылды: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген президенттің қаулысында.


Тоқаев Қазақстан үкіметіне осы жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.