Пилоттық «Almatykitap-opig.kz» жобасы бойынша 13 мектеп, 80 класс/комплект (3,6,8сыныптар) және 3000 оқушы қамтылады.
2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Алматыкітап баспасы» Білім және ғылым министрлігі мен Астана, Алматы қалалары және Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарындағы мектептерінде пилоттық жобасы «Almatykitap-opig.kz» бойынша 13 цифрлық оқулықты тестілеуден өткізбек, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
- Қазақ тілінде білім беретін мектептептің 3-сыныбына арналған «Математика» және «Орыс тілі» «базалық» оқулықтары мен орыс тілінде білім беретін мектептің 3-класына арналған «базалық» оқулықтар: «Русский язык», «Литературное чтение», «Математика», «Информационно-коммукационнные технологии»;
- 6 сыныптарға «Жаратылыстану», орыс тілінде білім беретін мектептің6-класына арналған «базалық» оқулықтар «Естествознание» мен «Русская литература»;
- Қазақ және орыс тілінде білім беретін мектептердің 8 сыныптарына арналған «География», «Информатика» оқулықтары әзірленді.
Пилоттық «Almatykitap-opig.kz» жобасы бойынша 13 мектеп, 80 класс/комплект (3,6,8сыныптар) және 3000 оқушы қамтылады.
Аталған «Almatykitap-opig.kz» жобасы Білім күні қарсаңында Астана қаласында жаңадан ашылған № 85 мектепте Елбасы Н.Назарбаевтің алдында тұсаукесерін өткіздік. «Almatykitap-opig.kz»цифрлық платформасы – оқулықтың дискідегі көшірмесі емес, керісінше бұл мультимедиялық білім берудің барлық мүмкіндіктерін біріктіретін, оқытушы мен ата-аналардыинтерактивті жағдайда байланыстыратын платформа болып табылады.Бұл платформа келесі мәселелерді шешеді:
Сынып журналы, оқушы күнделігі, оқушының үй тапсырмасы, өткен материалдарды қайталау,бұрынғы сыныптардағы материалдарды еске түсіру, пәнаралық байланыс негізінде білім алуды жүзеге асырады.Бұрынғыдай реферат материалдарын мұғалім компьютеріне көшіріп беру үшін флешканың қажеті жоқ.Оқушы үй тапсырмасын компьютерде, планшетте немесе ұялы телефонында орындай алады.Ал қағаз оқулықтытек мектепте жұмыс істеуге пайдалануға болады.Артық салмақты сөмкемен үйге тасудың қажеті жоқ. Оқушы үйде тек қажетті жұмыс дәптерлері мен электрондық қосымшасымен үй тапсырмасын орындай алады.
«Almatykitap-opig.kz»цифрлық платформасының жетістіктері:
«Almatykitap-opig.kz»цифрлық платформасын пайдалану өте қарапайым.
Ол үш сегменттен тұрады:
Бірінші сегмент:баспа ісі – басылған оқулық мәтінін цифрландыратын жәнеоған қосымша аудио/видиофайлдармен қолықтырады, оқушыға арнайы үй тапсырмаларын дайындайды, күрделі әрі ұзақ мәтіндерді қысқа және түсінікті түрде саралап береді.Мәтінде кеткен қате болса, программа дереу түзетеді.
Екінші сегмент: цифрлық оқулық ол - «Алматыкітап баспасынан»шыққан 3,6,8 сынып оқулықтарының тұпнұсқасы, бұл Білім және ғылым министрінің бұйрығына енген.Бұл сегментте сынып журналы да жұмыс істейді.Әр оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергені көрініп тұрады. 1-ден 100 пайыздық шкаламен оқушының сабақ барысында, тоқсандық және жылдықбілім сапасы айқындалып көрсетіледі.Сонымен қатар, сыныптың әр параграф не әр сабақ бойынша үлгерімін мониторинг жасауға мүмкіндік береді.
Мұғалім үшін ең пайдалы тұсы – оқушының білім деңгейі мен жеткен жетістіктерін бағалауға өте аз уақытта қол жеткізе алатыны.
Үшінші сегмент – оқушынікі.Онда оқулық пен жұмыс дәптердегі барлық практикалық тапсырмалар ашық немесе жабық тест ретінде беріледі.Оқушы бірнеше вариантта жұмыс жасайды. Ал тапсырманың дұрыс не бұрыс екенін система саралап көрсетеді.
Бұл сегменттің ең тиімді жағы –бала әлемнің қай нүктесінде отырса да (үйде,серуенде т.б.) тұрақты түрде тренажер ретінде пайдалана алады.Сонымен қатар, оқушы мен мұғалім сабаққа даярлану барысында платформада орналасқан басқа да оқулықтарды толық пайдалана алады.Мысалы, «Су» тақырыбы бойынша система барлық дереккөздерден түрлі ақпараттарды жинап береді. Оқушы барлық ақпараттар мен тапсырмалардың оқулықта шығыршық түрінде құрылатынын көреді.