18 сәуірде Ыстамбулдағы ҚР Бас консулдығына Қазақстан азаматы қоңырау шалып, оқ тигенін хабарлаған.
ERNUR.KZ. ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандық жігіттің атысқа мүлде қатысы болмағынын мәлімдеді. Оқ оған кіреберіске кірген кезде тиген, деп жазады zakon.kz.
18 сәуірде Ыстамбулдағы ҚР Бас консулдығына Қазақстан азаматы қоңырау шалып, оқ тигенін хабарлаған.
Консул дереу жәбірленушіге барып, оны жергілікті ауруханаға апарды.
ҚР СІМ баспасөз қызметі ер адам медициналық тексеруден өткенін, қазір оқты алу үшін жасалатын операцияны күтіп жатқанын, жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.
Ыстамбұлда жәбірленушінің жанында әйелі бар.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандық жергілікті азаматтар арасындағы атыстың кездейсоқ құрбаны болып табылады.
Түркиядағы атыс кезінде Қазақстан азаматы зардап шеккенін жазған едік. Екі белгісіз адам Чекмекей провинциясындағы көпқабатты үйдің жанында бір-бірімен атысқан.