​ҰБТ-ның аралық нәтижелері: ШҚО мен Алматының талапкерлері 113 балл жинады

0
441

ҰБТ-ның алғашқы 5 күнінде Шығыс-Қазақстан және Алматы қ. екі талапкер ең жоғары нәтиже көрсетті.


​ҰБТ-ның аралық нәтижелері: ШҚО мен Алматының талапкерлері 113 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті. Екі үміткер максималды 140 балдың 133-сін жинады. Бас емтихан 18 мамырда басталды және 5 шілдеге дейін жалғасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҰБТ-ның алғашқы 5 күнінде Шығыс-Қазақстан және Алматы қ. екі талапкер ең жоғары нәтиже көрсетті. Олар тестілеуде жалпы 140 балдың 133-ін жинады.

Естеріңізге сала кетсек, тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Оның ішінде, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).

Шекті балл өзгерген жоқ: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл; ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.

Талапкерлердің ыңғайы үшін ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданады. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберілді.