ҰБТ тапсыратын талапкерлерге SMS-хабарлама туралы ескертілді

0
104

Бұған дейін Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ басталғаны хабарланған болатын.


ҰБТ тапсыратын талапкерлерге SMS-хабарлама туралы ескертілді

Фото: Национальный центр тестирования

ERNUR.KZ. 2026 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысушыларға үндеу жасады, деп жазады zakon.kz.

Оларға SMS-хабарлама жіберілетіні еске салынды.

"Сіздерге ыңғайлы болу үшін ҰБТ өтетін күнге бір күн қалғанда таңдалған тестілеу күні, уақыты және өткізу орны көрсетілген еске салу SMS-хабарламасы жіберіледі. Яғни әр қатысушы тіркеу кезінде app.testcenter.kz сайтында көрсеткен телефон нөміріне хабарлама алады", – деп хабарлады ҰТО өкілдері сәрсенбі күні.

Сонымен қатар SMS-хабарлама кәмелетке толмаған тест тапсырушылардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданатыны айтылды.


Бұған дейін Қазақстанда наурыз айындағы ҰБТ басталғаны хабарланған болатын.