Үй жануарлары жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбаланады

0
660

9 айдың колл-орталыққа 150 мыңға хабарлама түскен.


Үй жануарлары жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбаланады

ERNUR.KZ. Республикалық автожолдарға жақын тұратын елді мекендерде үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталар тағылады, сондай-ақ жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбаланады, деп жазады sputnik.kz.

Республикалық маңызы бар автожолдарда 300-ден астам авариялық-қауіпті учаске бар. Апаттың басым көпшілігі үй жануарларының жолға шығып кетуінен болады.
Осыған байланысты республикалық трассалардың авариялық-қауіпті учаскелерінде үй жануарларына жарық шағылыстырғыш ленталар тағылады және жарық шағылыстырғыш аэрозольмен таңбаланады. Жол бойында шу жолақтарының санын ұлғайту жоспарланып жатыр. Қосымша стробоскоптар мен торлы қоршаулар орнатылады.
Бұл шаралар жыл сайын республикалық трассаларды күтіп-ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 320 малөткел орнатылды.
Үй жануарлары салдарынан болатын автомобиль апаттарының алдын алу үшін "электр-бағбан" құрылғысы орнатылды. Бұл құрылғының жалпы ұзындығы 250 шақырым.
Кешенді мақсатты бағдарлама аясында республикалық трассаларда 10 мың жол белгіcі орнатылып, ауыстырылды.
6 мың дана жарықдиодты катафот, 320-дан астам ақпараттық панно және 250-ге жуық жол буфері орнатылды.
Республикалық маңызы бар жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін 1403 қысқа нөміріне хабарласуға болады.
Айта кетері, тек 9 айдың колл-орталыққа 150 мыңға хабарлама түскен.