Үкімет арзандаған азық-түлік өнімдерін атады

0
152

Нан, макарон және сүт өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ.


Үкімет арзандаған азық-түлік өнімдерін атады

фото:Sputnik / Виталий Белоусов

ERNUR.KZ. Үкіметте шілде айындағы инфляция мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қаралды, деп жазады sputnik.kz.
Өткен айда жылдық инфляция 11,8 пайыз деңгейінде сақталды. Ал азық-түлік инфляциясы 11,2 пайызды құрады.
"Тауарлар мен қызметтердің айлық бағасының өсу қарқыны 0,8 пайызға жетіп, маусым айымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді", - делінген ресми хабарламада.
Арзандаған тауарлар:
сәбіз - 9,1%-ға;
картоп - 7,9%-ға;
пияз - 1,8%-ға;
күріш - 0,6%-ға;
жұмыртқа - 0,1%-ға.
Ал нан, макарон және сүт өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ. Дегенмен, қымбаттаған азық-түлік өнімдері де бар.
"Қырыққабат бір айда 12,3%-ға қымбаттағанымен, шілденің соңғы аптасында бағаның төмендеу тенденциясы байқалды. Тауық еті 2,6%-ға қымбаттады. Сиыр етінің баға өсімі бәсеңдеп, 1,4%-ды құрады, бұл сыртқы сұраныс тұрақты болғанына қарамастан нарықтың тұрақталуына оң әсерін тигізеді", - дейді үкімет мүшелері.