Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді

0
927

16 наурыздан 15 сәуірге дейін отырысқа келушілер мен қатысушыларға, сондай-ақ, БАҚ өкілдері Үкімет үйі ғимаратына кіруге шектеу қойылады.


Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді

ERNUR.KZ. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және "Төтенше жағдай туралы" Жарлығына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында коронавирустың таралуын алдын алатын шаралар күшейтілді.

Осыған байланысты 16 наурыздан 15 сәуірге дейін отырысқа келушілер мен қатысушыларға, сондай-ақ, БАҚ өкілдері Үкімет үйі ғимаратына кіруге шектеу қойылады. Үкімет отырысы primeminister.kz және басқа да ресми парақшалардан онлайн көрсетіледі", - деді үкіметтің баспасөз қызметі.