Үкімет сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін тағы алты айға ұзартуға шешім қабылады

0
823

Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік реттеуді 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту көзделіп отыр.


Үкімет сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін тағы алты айға ұзартуға шешім қабылады

ERNUR.KZ. Үкімет сұйытылған газ бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін тағы алты айға ұзартуға шешім қабылады, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі кезде парламентте заң жобасы аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу бойынша уәкілетті органға құзырет беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Мемлекеттік реттеуді сақтау мақсатында бұған дейінгі бұйрықтың мерзімін ұзарту ұсынылды.
Бұйрық жобасына сәйкес, Қазақстан аумағындағы автогаз құю станцияларында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік реттеуді 2023 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту көзделіп отыр.
Құжаттың жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.