Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғандардың үлесі 76,7 процент болса, екінші компонетті вакциналауға жататын халықтың 66,1 проценті алды.
ERNUR.KZ. Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 7 654 566 адамға жетті. Ал екі бірдей дозаны алғандар бір миллионға аз болып тұр, деп жазады sputnik.kz.
"2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен адам вакцина салдырды, II компонентпен 6 593 598 адам", - делінген денсаулық сақтау министрлігінің ресми хабарламасында.
Айта кетері, Қазақстанда жаппай вакциналау 1 ақпанда басталған болатын. Ал көктемде премьер-министр Асқар Мамин қыркүйектің соңына дейін 10 миллион адамға вакцина салу жоспарын жариялаған. Осылайша, екпе алуға жататын халықтың 100 проценті қамтылуы тиіс еді.
Бас кезінде денсаулық сақтау министрлігі вакциналауға жататын халықтың саны 10 миллион адам деп шығарған. Артынан бұл көрсеткіш 30 мың адамға 9 970 000-ға дейін төмендетілген.
Осылайша, бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғандардың үлесі 76,7 процент болса, екінші компонетті вакциналауға жататын халықтың 66,1 проценті алды.