ҰҚК бір айда жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғады

0
493

Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.


ҰҚК бір айда жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғады

© Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шілдедегі жұмыстардың қорытындысын шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Бір ай ішінде 17 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, атап айтқанда:
билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану - 3;
пара алу - 5;
пара беру - 4;
алаяқтық - 2;
жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу – 1;
лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану – 1;
кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу – 1.
Мына баптар бойынша 16 қылмыстық іс сотқа жіберілді:
сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу - 1;
алаяқтық - 6;
ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру - 1;
қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) - 1;
лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану - 1;
пара алу - 2;
пара беру - 3;
қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру - 1.
Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.
Сонымен қатар 619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мың теңге сомасында сыйақы берілді.