ҰҚК Бразилиядан келетін есірткі арнасының жолын кесті

0
896

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынған.


ҰҚК Бразилиядан келетін есірткі арнасының жолын кесті

ERNUR.KZ. ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментімен өзара іс-қимылда Бразилиядан БАӘ арқылы Қазақстанға және одан әрі Түркияға кокаин жеткізудің халықаралық арнасын анықтап, жолын кесті, деп жазады Тengrinews.kz.

"Атап айтқанда, 2019 жылғы наурызда ҰҚК Алматы қ. бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласы әуежайында кокаинді контрабандалық әкелуді жүзеге асырды деген күдікпен "Дубай-Алматы" авиарейсінің жолаушысы ҚР азаматы М. Сатыбалдиевті ұстаған болатын. Ұсталған адамды тексеру кезінде, оның ішінде Алматы қ. қалалық клиникалық ауруханасы жағдайында емдеу мекемесінің медициналық қызметкерлері жүзеге асырған процедуралар жолымен М. Сатыбалдиевтің асқазан-ішек жолдарынан жалпы салмағы 460 грамм кокаины бар 42 капсула табылып, алынды", - делінген хабарламада.


Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде оның туысы Л. Құрманбаева ұсталды, ол көрсетілген есірткі партиясын Бразилиядан ҚР-ға контрабандалық жолмен жеткізуді ұйымдастырған, сондай-ақ оларды Түркияға тасымалдамақшы болған.

"2019 жылы маусымда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен Л. Құрманбаева мен М. Сатыбалдиев ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 286-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында жазасын өтеумен 15,5 жылға бас бостандықтарынан айырылды", - делінген ҰҚК хабарламасында.