ҰҚК Назарбев Университетінен 12 млн теңге өндірді

0
592

Аталмыш шешімге апелляциялық шағым түсіруге болатыны айтылған.


ҰҚК Назарбев Университетінен 12 млн теңге өндірді

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотында Назарбаев Университетін жеңіп шықты, деп жазады inform.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» РМК талап арызы қанағаттандырылсын. «Назарбаев Университеті» автономды білім беру ұйымынан мемлекеттің кірісіне 12 038 750 (он екі миллион отыз сегіз мың жеті жүз елу) теңге, мемлекеттік бажға 361 132 (үш жыз алпыс бір мың жүз алпыс екі) теңге өндірілсін», - делінген судья Асан Бакишевтің шешімінде.

Сондай-ақ, аталмыш шешімге апелляциялық шағым түсіруге болатыны айтылған.

Іс материалына жүгінсек, 2021 жылдың 13 шілдесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Назарабев Университеті» автономды білім беру ұйымымен ғылыми-зерттеу жұмысын мақсатты бағдарламамен қаржыландыру туралы келісімшарт жасаған. Зерттеу тақырыбы – интеллектуалдық криптографиялық жүйелер: аппарат-бағдарламалық әзірлеме. Зертеу мерзімі – 2023 жылдың аяғына дейін.

Жалпы жобаны қаржыландыру көлемі 120 383 750 теңге болға. Келісімшарт мерзімі кешіктірілгені үшін университет ҰҚК-ге осы соманың 10 пайызын өсімпұл ретінде төлейтін болды.