Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Фото: ҚР ҰҚК
ERNUR.KZ. Биыл 14 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы полиция департаментімен бірлесіп, 2025 жылы мамырда Өскемен қаласының тұрғынын ұрлап өлтірген, күдікті топтың екі мүшесін ұстау бойынша операция жүргізді, деп жазады inform.kz.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комиеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған адамдар 2025 жылдың маусымынан бері іздеуде болған. Оларға қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ іздестіріліп жатқан адамдарды қасақана жасырып жүрген Алматы қаласының тұрғынын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі де шешіліп жатыр.
- Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қылмыстық кодекстің 432-бабына сәйкес, қылмыс пен қылмыскерлерді жасырғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.