ҰҚК тағы бір қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады

0
227

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


ҰҚК тағы бір қазақстандықтың ұсталғанын хабарлады

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 6 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті прокуратурамен келісе отырып, есірткі зертханасын таратқан, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 14 ақпанда ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

"Психотроптық заттарды дайындау барысында Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Тінту барысында 7 килограммнан аса "альфа-PVP" есірткі құралы, 500 литр прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленген." ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.