ҰҚШҰ әскери күштері Қазақстанға келеді

0
88

​Оқу-жаттығуларға Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь аумағында өтеді.


ҰҚШҰ әскери күштері Қазақстанға келеді

ERNUR.KZ. 2026 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) ортақ оқу-жаттығулары Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Беларусь аумағында ұйымдастырылады, деп жазады baq.kz.

Қорғаныс министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, ҰҚШҰ әскери күштері Қазақстанға жыл сайын өтетін жоспарлы оқу-жаттығу үшін келеді.

ҰҚШҰ әскери күштері Қазақстанға жыл сайын өтетін оқу-жаттығу жұмыстары аясында келеді. Оған әдетте ұйымға мүше мемлекеттердің әскери күштері қатысады. Жаттығу жұмыстары жақындаған кезде қосымша уақытын тағы хабарлайтын боламыз, - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин редакцияның сауалына.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ құрама штабының басшысы, генерал-полковник Андрей Сердюков ұйымның күштік құрылымы Қазақстанға келетіні туралы айтқан.

Оның сөзінше, бекітілген жоспарға сәйкес, биыл 60 бірлескен және жедел даярлық іс-шарасы өткізілуі жоспарланған, оның ішінде 8 командалық-штабтық және арнайы жаттығулар бар.

Қазақстандағы жаттығу:

Қыркүйек айында Қазақстан аумағында «Рубеж» деп аталатын Орталық Азия аймағының Жедел орналастыру күштерінің бөлімдерімен бірлескен жаттығу өтеді.

Ресейдегі жаттығулар:

Қыркүйек–қазан айларында Ресейде Оперативтік әрекет күштерімен «Взаимодействие» командалық-штабтық жаттығулар, сондай-ақ барлау күштерімен «Поиск» және материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштерімен «Эшелон» арнайы жаттығулары өткізіледі.

Тәжікстандағы жаттығулар:

Қазан айында Тәжікстанда «Кобальт» және «Скала» арнайы жаттығулары жоспарланған.

Беларусьтегі жаттығулар:

Беларусьте бейбітшілік күштерімен «Нерушимое братство» командалық-штабтық жаттығу, сондай-ақ радиациялық-химиялық, биологиялық қорғау және медициналық қамтамасыз ету бірлескен құрамы бар «Барьер» арнайы жаттығуы өтеді.

Сонымен қатар стратегиялық командалық-штабтық жаттығулар шеңберінде бірлескен оқу-жаттығуларға тартылатын барлық Ұжымдық күштердің компоненттерін қолдану мәселелері пысықталады.

Сердюковтің айтуынша, жаттығуларға бақылаушы ретінде Антитеррористік орталық, ТМД Шекара қызметі командирлер кеңесінің үйлестіру қызметі және ҰҚШҰ парламенттік ассамблеяның секретариаты өкілдері шақырылады. Дайындалған құжаттар алдағы бірлескен оқу-жаттығулардың жоспарының негізі болады.