Қорда 900 тоннадан аса қант бар, оның бағасы келісіне 220 теңгеден аспауға тиіс.
ERNUR.KZ. «Азық-түлік өнімдерінің бағасын реттеу» тақырыбындағы брифнгте Нұр-Сұлтанның Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина баға көтерілген жағдайда Тұрақтаныру қоры жедел интервенция жүргізетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Мұндағы спикердің интервенция деп отырғаны бағаны реттеу саясаты.
«Қазір қаланың 6 сауда нысанында қанттың тауарлық интервенциясы келісіне 220 теңгеден аспайды деп келісілді. Жалпы қорда 900 тоннадан астам қант бар», – деді ол.
Бұған қоса нан бағасын тұрақтандыру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, отандық өндірушілерге ұн сатып алуға жергілікті бюджеттен қосымша 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.
«Бұл сатып алынған ұн қыркүйек айынан келесі егін жинап алғанға дейін жетеді. Сондай-ақ отандық өндірушілермен биылғы жылдың желтоқсанынан келесі жылдың мамырына дейін жеміс-көкөніс өнімдерін тіркелген бағамен сату үшін форвардық келсімшарттар жасалды», – деді спикер.