Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі – министр

0
595

Магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады.


Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі – министр

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жалғасатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлардың 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік береміз», - деді министр Үкімет отырысында.


Оның сөзіне қарағанда, магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады.


«Ал болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүретін болады. Осы берілген бағдардың аясында әрбір ұйым өздері дербес шемім қабылдайды», - деді А. Аймағамбетов.


Бұдан бұрын хабарланғандай, министр бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылатынын айтты. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында колледж студенттерінің білім алу тәртібін түсіндірді.