"Урал" мотоцикл өндірісін Қазақстанға көшіреді

0
568

​​Ural Motorcycles бас директоры Илья Хаит компания мотоцикл өндірісін Қазақстанның Петропавл қаласына көшіретінін айтты.


ERNUR.KZ. Бұл туралы ол компанияның YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Өндірісті Свердловск облысының Ирбит қаласынан көшіру туралы шешім санкцияға ұшыраған құрамдас бөліктер болмауына, сондай-ақ Ресейден техникалар импорттауға тыйым салынуына байланысты шығарылған. "Урал" мотоциклінің көпшілігі батыс елдеріне, соның ішінде АҚШ-қа жеткізіледі.

Дегенмен, Ирбит мотоцикл зауытының (ИМЗ) өзінде жұмыс жалғасады: онда мотоциклдерге арналған жақтаулар мен корпус элементтері шығарылады.