"Ұрланған қаржы – 3,5 млрд теңге": Перизат Қайрат пен оның анасының ісі Бас прокуратураға жолданды

0
146

Қылмыстық іс 109 томнан тұрады.


Фото: 01pk

ERNUR.KZ. Тергеу деректеріне сәйкес, ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 3,5 миллиард теңгені құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Айта кетейік, қайырымдылық қорын құрып, оның басшысы болған ерікті Перизат Қайрат 2024 жылы қарашада "ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікпен ұсталған еді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның үстінен жүргізілген алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтаған.

Агенттік істің 109 томнан тұратынын, іс қатысушылары 19 наурызда материалдармен таныса бастағанын жазады.

– Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 миллион теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді, – деп жазылған хабарламада.

Осылайша, Қылмыстық іс қазір Бас прокуратураға жолданып, оның әрі қарай сотқа жолдану мәселесі қаралып жатыр.