Ұры супермаркеттен 3,5 млн теңгені алып кетті

0
1 142

Бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған ер адам түнгі уақытқа жабылған супермаркетке кіріп, кассирлерді пышақпен қорқытқан. Осылайша кассадан 3,5 млн теңгені алып кетті.


Ұры супермаркеттен 3,5 млн теңгені алып кетті

фото: inform.kz

Алматыда супермаркетке түскен ұры түн ішінде 3,5 млн теңгені алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бетін медициналық бетпердемен тұмшалаған ер адам түнгі уақытқа жабылған супермаркетке кіріп, кассирлерді пышақпен қорқытқан. Осылайша кассадан 3,5 млн теңгені алып кетті.

«Шабуыл кезінде қызметкерлердің ешқайсысы зардап шекпеген. Ол барлығы кассадан 3 миллион 543 мың 927 теңге алып кеткен. Бірнеше сағат ішінде күдікті ұсталды. Ұрланған ақша да іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді», - деді Әуезов аудандық ІІД басшысы Есен Ысқақов. Қазір күдікті қамауға алынды. Оған ҚР ҚК 192-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оның басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.