Ұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды

0
2 224

Алматыдан Атырауға ұшқан Bek Air компаниясының ұшағы Тараз қаласында қонуға мәжбүр болды, - деп жазады Ernur.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.


Ұшақ Таразға қонуға мәжбүр болды

фото: alimzhan.blogspot.com

Алматыдан Атырауға ұшқан Bek Air компаниясының ұшағы Тараз қаласында қонуға мәжбүр болды, - деп жазады Ernur.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш әуе компаниясының бас директоры Сырым Омаржановтың айтуынша, 2105 рейсіндегі ұшақтың салонында аяқасты ауа қысымы көтерілген.

«Ұшақ командирі мұндай жағдайда Атырауға дейін ұшуға ұзақ уақыт кететінін ескеріп, осындай шешім қабылдайды. Қазіргі таңда Алматы әуежайынан қосымша ұшақ жіберіліп, барлық жолаушылар Атырауға жол тартады», - деп хабарлады бас директор.

Дегенмен, ғаламторда тарап кеткен ұшақтағы өрт жайлы ақпараттың жалғандығын да қоса айтты С.Омаржанов.