Үшінші АЭС-ты да Қытай салады – Скляр

0
118

Қазіргі кезде оның орналасатын жері пысықталып жатыр


Үшінші АЭС-ты да Қытай салады – Скляр

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы үшінші атом электр станциясын қытайлық компания салатынын мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Бұған дейін ресейлік "Росатом" Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы ретінде таңдалған болатын. Кейінірек екінші АЭС-тың құрылысына Қытай жетекшілік ететіні белгілі болды.
"Үшінші станцияны да Қытай салады. Қазіргі кезде атом энергетикасы жөніндегі агенттік оның орналасатын жерін пысықтап жатыр", -деді Скляр үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда кем дегенде екі-үш АЭС салу қажеттігін айтқан. Ал Си Цзиньпиннің Астанаға жасаған сапары кезінде қытайлық "CNNC" компаниясын АЭС құрылысы бойынша сенімді стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын мәлімдеген болатын.