Үштөбеде қыз баланы пойыз қағып кетті: Ата-анасы куәгерлерді іздейді

0
1 035

Оқиға Талдықорғаннан 50 шақырым жерде Үштөбеде болған.


Үштөбеде қыз баланы пойыз қағып кетті: Ата-анасы куәгерлерді іздейді

ERNUR.KZ. Алматы облысында пойыз 27 жастағы қыз баланы қағып кетті. Қыздың ата-анасы осы оқиғаның куәгерлерін байланысқа шығуын сұрайды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 9 қыркүйекте Талдықорғаннан 50 шақырым жерде Үштөбеде болған. Оксана Мищенко үйінен шығып, қайта оралмаған.

"Мен қызымнан айырылдым, ол 27-де еді. Кешке дейін жанымда болды, көңіл күйі де жақсы болатын, жанжалдасқан жоқпыз. Шамамен 21:00-де шәй іштік. Шәйін ішпестен, қызым үйден шығарда былай деді: "Суи берсін, келген соң ішемін". Ол қайтып оралмады. Келесі күні таңда қызымның телефонына полиция қызметкері жауап беріп, келуімізді өтінді. Онда қызымызды пойыз қағып кеткенін айтты", - дейді қаза тапқан қыз баланың анасы.

Ол қандайда бір мәліметті білген адамдарға мына нөмірге хабарласуды сұрайды: + 7 747 296 38 80. Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет) бойынша іс қозғалды.

"Тергеу жүріп жатыр. Қандайда бір мәлімет ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", делінген ведомство хабарламасында", - делінген хабарламада.