Ұялы байланыс операторлары елдегі байланыс сапасын жақсарту үшін күш біріктірмек

0
914

Үш оператордың әрқайсысы ауылдарға кең жолақты интернетпен қамтитын өздерінің базалық станцияларының желісін орналастырады.


Ұялы байланыс операторлары елдегі байланыс сапасын жақсарту үшін күш біріктірмек

ERNUR.KZ. Бүгін еліміздің үш ұялы байланыс операторлары - «МТС» ЖШС, «Кселл» АҚ және «Кар-тел» ЖШС-нің өкілдері «250+» жобасы аясында желілерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қойды. Құжатта 1000-ға жуық ауылдық елді мекенді интернетке қосу мәселесі қаралған, деп жазады ҚазАқпарат.


«Қазіргі уақытта біз цифрлық саясатқа деген көзқарасымызды өзгертіп, саламызды инвестициялар үшін тартымды етуге, қолданыстағы желілерді жаңартуға тырысып жатырмыз. Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз жүйелі жұмыстар жүргіздік, мысал ретінде ауылдық елді мекендердегі екі ірі жоба. Олар ұялы байланыс қызметтерін ұсынудың негізгі инфрақұрылымы ретінде шешуші рөл атқарады. Қазіргі уақытта 1257 ауылда белсенді жұмыс жүргізілуде, аяқталу сатысына жақындап қалдық десек болады Биыл жоба аяқталып, 1257 ауыл талшықты-оптикалық инфрақұрылымға қосылады», - деді құжатқа қол қою кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов.


Оның айтуынша, бұл – бірінші кезең.


«Екінші кезеңде 928 ауылды мобильді кең жолақты қол жетімділікке қосу жобасы жүзеге асырылады.Қазіргі уақытта өңірлерде өте белсенді жұмыс жүргізіліп, барлық байланыс операторлары ауылдарда желілер салуда. Биыл біз заңға инфрақұрылымды бөлуге қатысты осындай нормаларды қабылдаған түзетулер қабылдадық. Бұл ынтымақтастық операторларға шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар операторлардың ресурстарын тұтынушыларға қызмет көрсетуге және ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға жұмылдырады. Ауылдарда интернеттің қолжетімділігін арттыру - бұл елдің түрлі аймақтарындағы әрбір азаматтың байланыс қызметтерін алу құқығын қамтамасыз етудің негізі», - дейді ол.


Үш оператордың әрқайсысы ауылдарға кең жолақты интернетпен қамтитын өздерінің базалық станцияларының желісін орналастырады. Ағымдағы жылдың ақпан айында осы бағдарламаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылған болатын, сонымен бірге желіні бірлесіп салу және пайдалану стратегиясы келісілген еді.

Атап өту керек, бастапқыда стратегия бойынша, басқа операторлардың абоненттері үшін желіге қол жетімділіктің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету көзделген. Үш ұялы компанияның әрқайсысына әр аймақтағы ауылдар бекітіліп берілгендіктен, және бұл ауылдарда үш оператордың абоненттері болғандықтан, ауыл тұрғындарының желіге теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, бәсекелестер, өзара «шеринг» моделін қолдануға келісті. Яғни, ұжымдық пайдалану және өзара ресурстармен алмасуға мүмкіндік беретін экономикалық моделді қолдануға сөз байласты.