Үздік жас отбасыға 800 мың теңге сыйақы беріледі

0
1 207


Үздік жас отбасыға 800 мың теңге сыйақы беріледі

ERNUR.KZ. Астана қаласының жас отбасылары арасында «Үздік жас отбасы» байқауы жарияланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, байқауды Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасының тапсырысы бойынша «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымы ұйымдастыруда.

Байқауға қатысу үшін үміткерлер іріктеудің 2 кезеңінен өтуі қажет. Қатысушылар бірінші кезеңде өз отбасы жайында «Отбасы - бақыт мекені» тақырыбында эссе жазып, оны astana.otbasy@gmail.com электрондық поштасына жолдауы тиіс.

Жұмыстар 12 қазанға дейін қабылданады. Байқаудың екінші - қорытынды кезеңіне 10 отбасы шақырылатын болады. Ол 20 қазан күні Оқушылар сарайында өтеді. Байқаудың жүлде қоры - 800 мың теңге. Барлық қызықтырған сұрақтарды @astana.otbasy аккаунтының Instagram парақшасына жазуға болады.

Байқау ережесі және өтінімді толтыру үлгісін www.zhasulan.kz ресми сайтынан көруге болады.