Вакцина алған 20 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

0
700

Коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентінін алғаннан кейін 13 141 адам ауырған.


Вакцина алған 20 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Елімізде екпе алған 20 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Алдымен Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, өткен жылғы наурыздан бері елімізде шамамен 23 мың адам коронавирусты қайта жұқтырған. Олар COVID-19-ға қарсы екпе алмаған.

«20 мың адам вирусты қайта жұқтырып, емханада емделді, ал 3200 адам стационарлық деңгейде ем қабылдады», - деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова коронавирус жұқтырғандардың 99,9% вакцина алмағанын атап өтті.

«Екпе салдырғандардың 0,1% ауру жұқтырған: 20 211 адам», - деді Зәуре Ахметова.

Ол COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында 7 070 адам (0,1%) вирус жұқтырғанын жеткізді.

«Оның ішінде Sputnik V екпесін алған 6 108 адам ауру жұқтырған. Аталған вакцинаны елімізде 5 млн 669 мың 885 адам салдырды. Жалпы екпе алғандар арасында ауырғандардың үлесі – 0,1%. QazCovid-in екпесін 172 707 адам алды. Оның ішінде 172 адам вирусты қайта жұқтырған немесе 0,1%. Hayat-Vax вакцинасын 529 346 адам алған. Оның ішінде 553 адам ауырған немесе 0,1%. CoronaVac екпесін 249 373 адам салдырды, оның ішінде ауру жұқтырудың 218 дерегі тіркелді немесе 0,1%», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Зәуре Ахметова коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентінін алғаннан кейін 13 141 адам ауырғанын айтты. Ауру жұқтырғандардың үлесі – 0,2%.

«Sputnik V вакцинасының екінші компонентін 4 млн 912 мың 195 адам салдырды. Оның ішінде 11 мың 101 адам ауырды – 0,2%. QazCovid-in екпесінің екінші компонентін 113 мың 730 адам алды. Оның ішінде 231 адам ауырды немесе 0,2%. Hayat-Vax екпесін 482 463 адам салдырды. Оның ішінде 1 448 адам ауру жұқтырды – 0,2%. CoronaVac вакцинасын 228 265 адам салдырды. Оның ішінде 341 адам ауырды – 0,15%», - деп түйіндеді сөзін комитет төрағасының орынбасары.