Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі пациентті тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылғанын атап өтті.
Сурет: primeminister.kz
ERNUR.KZ. Вьетнамнан Астанаға 1973 жылы туған науқас ауыр жағдайда шұғыл түрде тасымалданды. Қазақстандық азамат отадан кейінгі кезеңде геморрагиялық инсульт алған, деп жазады zakon.kz.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі пациентті тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылғанын атап өтті.
Бригаданың құрамында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерұлан Құндақбаев болып, олар науқас ұшып келген уақыт бойы медициналық бақылау жүргізген.
"Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылды. Мобильді бригадаға олардың кәсібилігі мен іске адалдығы үшін алғыс білдіреміз. Науқастың тез сауығып кетуін тілейміз!", - деп хабарлады ведомство.


