Видеоны жариялаған кім? "Тальгода" зорланған әйел полицияға арыз түсірді

0
1 292

"Тұлпар-Тальго" пойызында зорланған әйел даулы видеоға байланысты 9 қыркүйекте полицияға шағым түсірген.


Видеоны жариялаған кім?

ERNUR.KZ. "Тальго" пойызында зорланған жас келіншек құқық қорғау органдарына арыз түсіріп, өзінің фотосуреттерін, аты-жөнін Интернетте жариялап жіберген азаматтарды жауапқа тартуды талап етті. Басылымның мәліметінше, сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерін жария ету туралы арыз полицияға 9 қыркүйекте түскен, деп жазды sputniknews.kz.

"YouTube-те "Шок. Изнасилование в "Тальго" деген атаумен видео жарияланды, – дейді "НеМолчи.KZ" қозғалысының жетекшісі Дина Смайылова. – Роликте жәбірленушінің суреттері қолданылған, оның аты мен тегі, туған жері туралы айтылады. Сот процесі жабық болды және бұл ақпаратты жариялауға заңмен тыйым салынған. Біз бұл видеоны көрген кезде оны 3000-нан астам адам ашып үлгеріпті. Қазір видео Интернеттен алынды".

Дина Смайылованың айтуынша, зорлау құрбаны даулы видеоға байланысты ғана емес, сонымен бірге сотталушылардың бірінің әкесіне де арыз берген.

"Ер адам бізден ақша бопсалады деген ақпарат таратып жатыр, бұл шындыққа жанаспайды", - деп түсіндірді Смайылова.

Сонымен қатар, ақтөбелік қоғам белсендісі Бақытжан Құрманов та нысанаға ілікті. Жәбірленуші оны жеке мәліметтерімді баспасөзге берді деп айыптауда. Ақтөбеліктің мүдделерін алматылық заңгерлер тобы ақысыз қорғауға бел буып отыр.

"Сот талқылауларынан кейін жәбірленуші Ақтөбеден көшіп кетіп, денсаулығына көңіл бөлмекші. Ол әлі күнге жұмыс істейтін күйде емес", - деді "НеМолчи.KZ" қозғалысының жетекшісі.

Бұған дейін басылым "Талгодағы" зорлық құрбаны ғылым докторы, Ақтөбе бизнес топтарында өте танымал 35 жастағы әйел екенін хабарлады. Ол ұзақ жылдар бойы шетелде болып, көп оқыған, жеке бизнесі, басшылық еңбек өтілі бар.