Мергендер өздерінен бірнеше жүз метр жерде орналасқан қарама-қарсы беттегі тұрғын үйге ерекше назар аударған.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйінің төбесіндегі мергендер түсірілген видеоны талқылауда. Видеода сарбаздардың үкіметтік шеру кезінде жағдайды бақылап тұрғаны көрінеді, деп жазады Stan.kz.
Еске салайық, кеше мегаполисте ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен Digital Almaty халықаралық форумы өтті. Үкімет басшылары мемлекеттерді цифрландырудағы табыстар мен міндеттер туралы айтты.
Кадрларда бірнеше автомобильден тұратын кортеждің жолдың бойымен жүріп бара жатқаны көрсетілген. Осы уақытта екі мерген қонақ үйдің төбесінде жағдайды бақылап тұрған. Бірі күмәнді қимылды дүрбімен, ал екіншісі видео құрылғы арқылы қарады. Бұл ретте олар өздерінен бірнеше жүз метр жерде орналасқан қарама-қарсы тұрғын үйге ерекше назар аударған.
Желіде тараған видеоны басқа үйдің тұрғыны түсірген. Ролик алматылықтардың қызығушылығын тудырды, өйткені соңғы уақытта мегаполисте мұндай деңгейдегі іс-шаралар өте сирек өтті.