Себебі коронавирусты жұқтырғандардың кейбірінде ауру белгілері байқалмайды.
ERNUR.KZ. Қоғамдық орындарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Босаңсуға болмайды, деп жазады 24.kz.
Себебі коронавирусты жұқтырғандардың кейбірінде ауру белгілері байқалмайды. Бірақ ол тасымалдаушы болуы мүмкін. Сондықтан ауырғанын біле тұра маскасыз жүргендер қылмыстық жауапқа тартылады. Елорда полициясы тұрғындарға осындай ескерту жасады.
Бүгінде шаһарда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргінші жолдары мен аялдамалар және басқа да қоғамдық орындарға арнайы сұйықтық себілді. Қоспаның адамдар мен жануарлардың денсаулығына зияны жоқ. Қалада індет жұқтыру дерегі тоқтамайынша дезинфекциялау жалғаса береді.
Айта кетейік, кеше коронавирус белгілері мүлде байқалмайтын, бірақ індетті тасымалдаушы 357 адам жаңадан анықталды. Оның 75-сі Шымкент қаласында, Батыс Қазақстан облысында 57, елордада 43 дерек тіркелді. Жалпы республика бойынша коронавирус белгілері байқалмайтын 1044 тасмалдаушы анықталдыған.