​«Енеммен ерегіспеуге ант етемін!» - тойдағы әзіл елдің пікірін екіге жарды (видео)

0
2 876

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған тойдағы асабаның әзіл ойыны жазылған бейнежазба көпшіліктің пікірін екіге жарды.


​«Енеммен ерегіспеуге ант етемін!» - тойдағы әзіл елдің пікірін екіге жарды (видео)

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тараған тойдағы асабаның әзіл ойыны жазылған бейнежазба көпшіліктің пікірін екіге жарды.

Бұл бейнежазба инстаграм желісінде таралды. Онда үйлену тойындағы асабаның әзіл ойыны көрсетілген. Асаба ортаға жаңа түскен келінді шығарып, оған ант қабылдатады. Оның алдында әскери бас киім киген бір әйел ту ретінде орамалды ұстап тұрады.

«Келін болып кіріп, кемпір боп шығуға, енеммен ерегіспеуге, банкомат карточкасына таласпауға ант етемін! Служу қайынжұрту!» деген асабаның айтқанын келіншек қайталап отырады. Содан соң асаба келіншекке ту ретіндегі орамалды сүйгізіп, оны төрге қарай адымдатып жүргізеді.

Бұл бейнежазба көпшіліктің пікірін екіге жарды. Бейнежазбадағы ойынды дұрыс деп танығандар «Бәрі күшті, үйлесімді, жарасымды. Көре алмайтындар дәм болсын, жаза береді», «Той деп осыны айт», «Присяга өте орынды өтті», «Керемет» десе, екінші тарап «Асаба не айтарын білмей тапқандағысы ма? Ұят емес пе, дүйім жұрттың алдында жаңа түскен келінге не болса соны айтқызып?», «Масқара, не деп тұр?», «Ұят қой мынау? Масқара, қазағымның тойы не боп барады? Асабаларымыз құрдымға кетіп бара жатыр», «Жаңа түскен келінге бұлай айтқызу ерсі», «Ақ жаулықпен ойнаған келін де, анасы да, асаба да осы ойынмен бірге елге өнеге көрсетем дей ме? Ақ жаулықты аналарды сыйламағаны ғой...» дескен.

Арасында келіннің киіміне сын айтқандар да болды.

Видео әлеуметтік желіден алынды.