Зейнетақы жүйесіне қатысты сұрақтарға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Sputnik Қазақстанға жауап берді.
Зейнетақы жүйесіне қатысты сұрақтарға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Sputnik Қазақстанға жауап берді.
– Бізде қазіргі таңда зейнетке ерте шығатын бірнеше топ бар. Біріншісі, дүниеге бес бала әкеліп, оларды сегіз жасына дейін тәрбиелеген аналар 53 жасында зейнетке шығады. Екіншісі, Семей полигонында, өте жоғары радиациялық қатер, төтенше радиациялық қатер аймағында 1949 жылдан 1963 жылға дейін тұрған азаматтар. Үшіншісі, зейнетақы аннуитетін сатып алған жағдайда, ер азаматтар 55 жасында, әйелдер 50 жасында зейнетке шықтым деп үйде отыра алады. Төртіншісі, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери азаматтар,- деді вице -министр.
Сұқбат барысында Светлана Жақыпова біріңғай қордағы жинақталған зейнетақысын қай кезде толық ала алатынын да түсіндіре кетті.
– Қазір зейнетке шыққандардың бәрі зейнетақысын толық алғысы келеді. Бірақ бұл мүмкін емес. Біріншіден, егер Қазақстан азаматы басқа елге қоныс аударып, сол мемлекеттің азаматтығын алса, онда төлем толық аударылады. Екіншіден, азамат қайтыс болған жағдайда, отбасы мұрагер ретінде алты айдан кейін ақшаны алуға құқылы. Үшіншіден, зейнетақы аннуитеті арқылы. Азамат зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырады. Кейін сақтандыру компаниясы оған ай сайын төлейді немесе бір жылдың ақшасын бір-ақ аударады. Ол үшін қорда жинақталған зейнетақы жарнасының сомасы аннуитетті сатып алуға жеткілікті болуы керек,-деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.