Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт қашан ауыздықталатынын айтты

0
540

Өрттің алдын ала аумағы 43 мың гектарды құрады.


Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт қашан ауыздықталатынын айтты

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы жағдайдың қалыпқа келгенін айтты, деп жазады zakon.kz.

"Жақын арада біз толығымен тарап, осында тек орман шаруашылығы бөлімшесінің күзетін, залалды есептеу бойынша одан әрі шараларды жүргізе алатындарды қалдыруымыз керек", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.

Өрттің алдын ала аумағы 43 мың гектарды құрады. Бұл тек орман қоры ғана емес. Егістік жерлер, ортақ жерлер, жайылымдар да өртенді.

Министр өрттің алдағы 2 күнде оқшауланатынын айтты.

Өрт 2 қыркүйекте Қостанай облысының екі орман шаруашылығының аумағында басталған.

3 қыркүйек күні өртке байланысты Әулиекөл ауданындағы бірнеше ауыл қауіпсіз жерге көшірілді. 4 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин өрт аумағы 43 мың гектардан асқанын айтты. Жедел штабтың хабарлауынша, облыста өртпен күрес жалғасып жатыр, комиссия шығынды есептеп жатыр.

5 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді. Мемлекет басшысы өртті жою жұмысының барысын бағалады. Мемлекет басшысы өрт болған аумақты тікұшақпен аралап көріп, Қостанай облысындағы төтенше жағдай аясында сабақ алуға шақырды.

Сонымен қатар президент құтқарушыларды марапаттауға уәде беріп, зардап шеккендермен кездесті. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігін мекеме ретінде шындап нығайтуға шақырды.

Қыркүйектің 5-і күні кешке Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің саны 11-ге жеткені белгілі болды.