​Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

0
1 564

Омбудсмен ата-аналарды барынша мұқият болып, қауіпті топтар туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті

Омбудсмен ата-аналарды барынша мұқият болып, қауіпті топтар туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Интернетке баса назар аударуды өтінемін. Маған "ВКонтакте" желісінде балаларды суицидке шақыратын топтар пайда бола бастағаны туралы үрейлі хабарламалар келіп жатыр. Құқық қорғау органдары қазір бұл мәселемен айналысуда, мен де бақылап отырмын. Алайда мұндай топтарды анықтау мен бұғаттау біраз уақыт алуы мүмкін. Сондықтан мен сіздерден көмек сұраймын: егер осындай топ туралы естіп-білсеңіз, бірден құзырлы органдарға хабар беріңіз", - деп жазды Балиева фейсбуктегі парақшасында.

Ол бірнеше жасөспірімнің өмірін қиған "Көк кит" тобын еске салды.

"Балаларға осындай қауіпті топтар барын айтып түсіндіріңіздер. Егер оларды интернетте әлдекім қорқытатын болса, олар, ең алдымен, сіздерге хабар беруі керек. ТМД елдерінде бірнеше баланың өмірін қиған "Көк кит" тобын мысалға келтіріңіздер. Топ ұйымдастырушылары бұл балаларды егер олар өзіне қол жұмсамаса, отбасын өлтіреміз деп қорқытқан. Топ ұйымдастырушысы қолға түсті, ол жасөпірім болып шыққан. Ол үшін бұл жай ғана ойын болған", - деді бала құқығы жөніндегі уәкіл.

Балалар омбудсмені қазір байланыс операторлары "ата-ана бақылауы" қызметін ұсынып отырғанын атап өтті.

"Оны пайдалану мүмкіндігін қарастырыңыздар", - деп кеңес берді ол ата-аналарға.