Заңда коалиция атынан сайлауға түсуге шектеу жоқ – әділет министрі

0
851

Коалиция атынан кандидат шығару үшін бірлескен съезд және басқа да жиын өткізудің қажеті жоқ.


Заңда коалиция атынан сайлауға түсуге шектеу жоқ – әділет министрі

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауына коалицияның атынан түсетінін мәлімдеді. Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, заңда бұған шектеу жоқ, деп жазады sputnik.kz.

"Заң бойынша бір республикалық бірлестік бір кандидатты ұсына алады. Ал коалиция деген ол саяси термин. Барлығы ұсынса, ол коалиция болып саналады", - деді Қанат Мусин журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, коалиция атынан кандидат шығару үшін бірлескен съезд және басқа да жиын өткізудің қажеті жоқ. Себебі әрбір ұйым өз ұсынысын жасап қойған. Ал заңда коалиция атынан сайлауға қатысуға шектеу қарастырылмаған.

Айта кетері, кешеден бері бірнеше республикалық және қоғамдық ұйым Тоқаевты президентікке үміткер ретінде ұсынды. Бүгін Amanat пен Қазақстан Халық партиясы да оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.