Келіссөз өткізу орны туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Сурет: Telegram/Zelenskiy
ERNUR.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.
Келіссөз өткізу орны туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты. Украина президентінің айтуынша, Киев кездесуге алаң ретінде Түркияны, Сауд Арабиясын, Катарды, сондай-ақ "бейтарап Еуропа" елдерінен Австрия мен Швейцарияны ұсынған.
"Қаласаңыздар, мысалы, Қазақстанда", – деп толықтырды ол.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Украина Президентімен кездесу өткізгенін жазған болатынбыз.