Зертхана қызметкерлеріне қосымша ақы төленетін болды

0
501

Үстемеақы биылғы жылдың соңына дейін жүргізіледі.


Зертхана қызметкерлеріне қосымша ақы төленетін болды

ERNUR.KZ. Ветеринарлық зертхананың жұмыскерлері жалақыға үстемеақы алады, деп жазады baq.kz.

2023 жылғы 1 қазаннан бастап Республикалық ветеринариялық зертхананың облыстық және өңірлік филиалдарының жұмыскерлері аса қауіпті жұқпалы ауруларды тудыратын Патогендіктің I және II топтарының патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істегені үшін 50%-ға дейінгі мөлшерде үстемеақы алатын болады. Үстемеақы биылғы жылдың соңына дейін жүргізіледі.

Соңғы екі жыл ішінде кәсіпорынмен жұмыскерлердің лауазымдық жалақысын ұлғайту жөнінде бірнеше рет шара қолданды. Алайда Ұлттық экономика министрлігінің 2021 жылғы 28 қазандағы хатына сәйкес 2021-2023 жылдарға арналған орташа жалақының шегі 2020 жылғы деңгейде белгіленді. Кәсіпорынның еңбегіне ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын уәкілетті органмен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті тарапынан белгіленеді және жеке бұйрықпен бекітіледі.

Осылайша, патогендік биологиялық агенттермен (I және II топ) жұмыс істегені үшін 50% мөлшерінде үстемеақы жұмыскерлер алатын болады:

- жануарлар ауруларының диагностикасы зертханалары (зертхана меңгерушісі, аға ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық дәрігер, зертханашы, ветеринарлық санитар);

- сынамалар мен ақпараттарды қабылдау бөлімі (бөлім басшысы, ЖАД ветеринарлық дәрігері);

- аудандық/аймақтық ветеринарлық зертханалар (зертхана меңгерушісі, ветеринарлық дәрігер, зертханашы, ветеринарлық санитар);

- биологиялық және патологиялық материал сынамаларын қабылдау пункті (ветеринарлық дәрігер және зертханашы).

Сондай-ақ ҚР АШМ 2022 жылғы 9 қарашадағы «Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесі» № 370 бұйрығының 2-тарауының 2-тармақшасына сәйкес, облыстық/өңірлік филиалдардың директорларына, жүргізушілеріне, РВЛ/ЗВЛ жануарларды күту жөніндегі жұмысшыларға және жануархана жұмыскерлеріне (ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық санитар, жануарларды күту жөніндегі жұмысшы) лауазымдық жалақыларының 35% мөлшерінде қосымша ақы төленетін болады, - делінген комитет хабарламасында.

Кәсіпорын басшылығының қабылданған шешіміне сәйкес химиялық реактивтермен, прекурсорлармен, улармен және ұқсас қауіпті заттармен жұмыс істейтін мамандар осындай зиянды және қауіпті еңбек жағдайларына байланысты ерекшеліктер мен тәуекелдерге байланысты лауазымдық жалақысының 40% мөлшерінде қосымша ақы алатын болады. (бұрын қосымша төлем тек 6% болатын):

- тамақ қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі, аға ветеринарлық дәрігер, ветеринарлық дәрігер, зертханашы, ветеринарлық санитар (тамақ микробиологиясы бөлімінің);

- аға маман, маман, зертханашы, ветеринарлық санитар (токсикология, радиология және биохимия бөлімі);

- химик-аналитик, сынамалар мен ақпаратты қабылдау бөлімінің ТҚ ветеринарлық дәрігері, ВСС зертханасының ветеринарлық дәрігері және зертханашысы.

Жәрдемақы мәселесін шешу үшін РВЗ әкімшілігі штат кестесін оңтайландыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, бос орындар жабылып, көмекші персоналдар штаттан шығарылды. Сыйлықақылар қысқартылды және бюджет үнемделді.