Өңірде қызметтік тексеріс басталды.
Фото: Біржан Ахмердің желідегі парақшасынан
ERNUR.KZ. Семейде шырша құру кезінде құлаған мұғалімнің оқиғасынан кейін лауазымды тұлғалар жазаланды. Бұл туралы Абай облысының білім басқармасы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту фактісі бойынша Абай облысының білім басқармасы барлық мән-жайды анықтау үшін қызметтік тексеріс бастады. Заң талаптарын бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады", - делінген басқарманың хабарламасында.
Айта кетейік, Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған адам мектеп мұғалімі әрі жазушы Қуат Айтқали болып шықты.
"Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде жазушы, ұстаз Қуат Айтқали досымыз аяқасты жоғарыдан құлап, реанимацияға түсті. Ол №49 мектепте жұмыс істейді. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін", – деді жазушы Біржан Ахмер.